Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Ринат Зәкиұлын Мұхаметқалиді жаңа әрі жауапты қызметке тағайындалуымен шын жүректен құттықтады. Ол кісіге сәттілік, табыс және еліміздің игілігі жолындағы жемісті еңбек тіледі. Қостанай облысының дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.
“Ринат Зәкиұлының кәсібилігі мен жауапкершілігі әлеуметтік саладағы маңызды жобаларды жүзеге асырып, еліміздің көптеген мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Мемлекет басшысы атап өткендей, «Орталық – өңір – орталық» ротация механизмі өңір тұрғындарының сұраныстары мен үміттерін ескеруге, сондай-ақ ел көлемінде үздік тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді. Қостанай облысындағы жұмыс Ринат Зәкиұлы үшін кәсіби қалыптасуындағы құнды кезеңге айналды. Мұнда ол өңірдің ерекшелігін терең зерттеп, тұрғындармен өзара әрекеттесу тәжірибесін арттырып, олардың сұраныстарын жақсы түсіне білді”, – деді Құмар Ақсақалов.
Маңызды жобаларды сәтті жүзеге асыру арқылы алынған бұл білімдер оның кәсіби қасиеттерін дамытуға ғана емес, сонымен қатар республикалық деңгейдегі жаңа міндеттерді орындауға дайындығын нығайтуға мүмкіндік бергенін айта кетейік.