Облыс әкімі IQOSTANAY оқушылар сарайын аралады

Облыс әкімі IQOSTANAY оқушылар сарайын аралады

Құрылысына 11,3 млрд теңге жұмсалған  оқушылар сарайы – жалпы ауданы 12 мың шаршы метр құрайтын заманауи үш қабатты ғимарат.

«Кемінде 1300 бала мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын 48 топқа қатыса алады. Енді оқушыларымыздың ғылыми салада өз білімдерін айтарлықтай арттыруға, өнерде қабілеттерін жетілдіруге және жаңа деңгейге, халықаралық конкурстарға қатысуға мүмкіндіктері бар. Әрбір оқушы өз армандарын жүзеге асырып, сүйікті ісінде жоғары жетістіктерге қол жеткізе алуы үшін облыстың әр өңірінде осындай заманауи Оқушылар сарайы ашылуы тиіс деп санаймын», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Топтардың жұмыстары үш бағыт бойынша ұйымдастырылған:

26 топ – ғылыми-техникалық бағыт;

8 топ – экологиялық-биологиялық бағыт;

14 топ – эстетикалық бағыт.

Қазіргі уақытта ата-аналардан 850-ден астам өтініш қабылданды.

Сарайдың іші қазіргі жабдықпен жабдықталған. Балалар үшін соңғы буындағы компьютерлермен жабдықталған киберспорт залы, инженерия кабинеті, робототехника үйірмесі, виртуалды шындық кабинеті, 3D модельдеу кабинеті, күн батареясы мен желдік генераторлар бар жаңартылатын көздер үйірмесі, гидропоника және аквапоника кабинеті және тағы басқа үйірмелер жұмыс істейді.

Сарайда толық жабдықталған 300 орындық акт залы, LED экраны бар коворкинг залы, медиа-аппаратурамен жабдықталған оқу залы, режиссерлік және актерлық шеберлік кабинеті бар. Осының бәрі оқу кеңістігінде сапалы білім алуға және шығармашылыққа жайлы жағдай жасайды.

Сондай-ақ әлеуметтік пайдасы бар, орталықта педагогтер, әкімшілік пен техникалық персонал үшін тұрақты 84 жұмыс орны құрылды.

Суреттерді түсірген

Бағдат Ахметбеков 

Жаңалықтармен бөлісу