Қостанай облыс әкімі өңірдегі еріктілерді Халықаралық волонтер күнімен құттықтады.
Бүгінде облыс көлемінде оқушы, студент, кәсіпкер, қоғамдық және мемлекеттік ұйым өкілдері мен аға буын өкілдерінен құралған 18 мыңнан астам қостанайлық волонтерлікпен айналысуда. Облыста 63 волонтерлік топ жұмыс істейді.Сіздердің төтенше жағдайлар кезінде, жоғалған адамдарды іздеуде, қарттар мен мүгедектерге қамқорлық жасауда, экологиялық және патриоттық бастамаларға қосып жүрген үлестеріңіз қомақты. Азаматтық ұстанымдарыңыз бен қамқорлықтарыңызға алғысымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, шығармашылық шабыт, амандық тілеймін! – деп жазды өңір басшысы Фейсбук-парақшасында.