Облыс әкімі Құмар Ақсақалов «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.
Жеке қабылдауда болған қала және аудан тұрғынның мәселелері қатарында су тарту жол жөндеу, мобильді байланысты тарту өтініштері мен спорт комплексін ашу ұсыныстары бар.
Мәселен, Қамысты ауданының тұрғыны Алтынсары ауылдық округының Свободное ауылы аумағына Beeline ұялы байланыс мұнарасын орнату мәселесімен жүгінген. Мұнараның орнатылуы Свободныйдан 18 шақырым жерде орналасқан Дружба ауылы тұрғындарын байланыспен қамтамасыз етеді.
Аудан аумағында «Тимофеевка Агро» ЖШС, «Қарабатыр» ЖШС, Бестөбе және Алтынсарино ЖШС орналасқан, оларда GPS навигациялық жүйесі бар beeline корпоративтік байланысын пайдаланатын 700-ден астам қызметкері бар. Алыс аумақтарда жұмыс істейтін механизаторлар да байланыссыз қалып, әсіресе, егін егу, жинау науқаны кезінде олардың жұмысы қиындайды.
Оның үстіне жазда бұл Астанаға апаратын негізгі жол, жүргізушілер күтпеген жерден көлік жұмысында ақаулар байқалып қалса. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда байланыссыз көмек шақырту мүмкін емес.
Бұл ретте Құмар Ақсақаловтың айтуынша, Beeline Қазақстанмен бірлескен серіктестік аясында алдағы 3 жылда облыстағы 161 ауылды, оның ішінде Қамысты ауданының Дружба, Аралкөл және Үрқаш ауылдарын 4G мобильді интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Ал Қостанай ауданының Айсары ауылының тұрғыны көшелерді жөндеу мәселесін қозғады.
Облыс әкімінің айтуынша ағымдағы жылы жол жөндеу жұмыстары қарқын алуда. Қостанай ауданы бойынша
конкурстық рәсімдер ағымдағы жылдың 1 ақпанында жарияланған,
«2024 жылға облыстық бюджеттен Айсары ауылдық округіне қарасты ауылдардағы үш көшені орташа жөндеуге 305,5 млн теңге бөлінді, оның ішінде орталық көшелерді жөндеу мөлшері 40% құрайды. Жол жөндеу жұмыстары жазда басталады”, – деді Құмар Ақсақалов.
Қабылдауға келген азаматтардың бәріне заңды-құқықтық тұрғыдан, мәселелерінің шешілуіне бағыт-бағдар берілді. Олардың кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірме жауап алып, көтерген мәселелердің шешу жолдарын білді.
Айта кету керек, «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық партия филиалының қабылдау бөлмесіне келіп түскен ұсыныс-пікір, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Мамандар әрбірінің себеп-салдарын жіті зерттеп, шешімін заң талаптарын негізге алып қарастырады.
Әсел ҚИБАШ