28 мая, 2025
Облыс әкімдігінде кадрлық өзгерістер

Облыс әкімдігінде кадрлық өзгерістер

Қостанай облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап,  ҚАЛМАҚОВ Ерлан Болатұлы Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, бұған дейін мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарған.

АТАМҰРАТОВ Құралбек Бүркітбайұлы арнайы тексеру нәтижелерін алған күнге дейін Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, 10 жылдан астам мәдениет саласында қызмет еткен. Мемлекет Басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралардың ұйымдастырушысы болған.