Нұрсұлтан Қаблан Қазақ күресінен ересектер арасында Әлем Кубогінің жеңімпазы

Нұрсұлтан Қаблан Қазақ күресінен ересектер арасында Әлем Кубогінің жеңімпазы

Бұл туралы Тобыл-Торғай-Тарландары қазақ күресі федерациясының вице-президенті Мылтықбай Әбдуахитов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлады.

«Қостанай облысы үшін тарихи жеңіс!Түркістан төрінде өткен әлемдік додада Тобыл-Торғай-Тарландары қазақ күресі федерациясының мақтанышы, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі Нұрсұлтан Қаблан үш белдесуде қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл – табандылықтың, адал еңбектің және бапкер мен шәкірт арасындағы сенім мен үздіксіз еңбектің жемісі», – деп жазды федерациясының вице-президенті.

Жеке бапкері – Рыздыко Сайлау Тайынбайұлы Рыздыковқа ерекше алғыс білдіріп, алдағы үлкен додаларға сәттілік тіледі.

Жеңісің құтты болсын, Нұрсұлтан!

Қостанай облысы сенімен мақтанады!