Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қолдауының арқасында жылдам шахматтан бас турнирді өткізу дәстүрі сақталып келеді. Турнир биыл 33 рет өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша Нұрлан Тілеубаев турнирдің абсолютті жеңімпазы атанды.
Аталған іс-шара барлық жастағы 57 шахматшының басын қосты. Турнирдің ең жас қатысушы – Камила Асатова 7 жаста болса, ең үлкені – 69 жастағы шахмат ардагері Иван Бартош.
Турнир достық жағдайда өтті, шахматшылар 64 алаңда әділ тартыста күш сынасты.
Бөлінген жүлде қоры негізгі 6 жүлделі орын және әртүрлі номинациялар бойынша ақшалай сыйлықтарға бөлінді.
Валерий Пилипенко, Алмат Мамбаев, ең жас қатысушы Камила Асатоваға Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ерғазыұлы Ещановтың жеке сыйлықтары табысталды.
Бұл турнирдың басында шахмат ардагері Валерий Георгиевич Вишниченко тұрғанын айта кетейік. ҚР Тәуелсіздігі жылдарында осы кісінің күш-жігерінің арқасында біздің облыстағы жылдам шахматтан негізгі турнирі пайда болған еді.