25 мая, 2025
Нұрхан Ахметбеков – «Июнь жарлығы»

Нұрхан Ахметбеков – «Июнь жарлығы»

Торғайдың топжарған ақыны Нұрхан Ахметбековтің «Июнь жарлығы» аталатын шығармасын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Күйді белгілі өнерпаз Тұрсынбек Әлмағамбетов орындаған.

https://www.youtube.com/watch?v=tQclFC1ug5g

Айта кетейік, Әлмағамбетов Тұрсынбек 1951 жылдың қаңтар айында дүниеге келген. Шымкенттің Әл-Фараби атындағы мәдениет институтын бітірген. «Соңғы түс», «Жүрек сыры», «Алфавит» атты әндер мен бірқатар күйлердің авторы. 1991 жылы «Мело-дия» фирмасынан жеке күй табағы шыққан. Оған Құрманғазы мен Динаның, Сүгір мен Дәулеткерейдің, Тоқа мен Шәкірдің т.б. он төрт күйі енгізілген.