Нұрбек Оралбай пен Серік Теміржанов алғашқы айналымнан сүрінбей өтті 

Нұрбек Оралбай пен Серік Теміржанов алғашқы айналымнан сүрінбей өтті 

Бүгін Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші кезеңі басталды.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай 1/8 финалда Оңтүстік Корея өкілі Гичшае Киммен жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында отандасымыз қарсыласын 3 мәрте нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төреші 2-раундта айқасты тоқтатты.

Ал 60 келідегі Серік Теміржанов 1/16 финалда Германия боксшысы Денис Брилді 5:0 есебімен жеңді.