Бүгін Республика күніне орай Науырзым ауданында мерекелік іс-шара өтті. Оған аудан әкімі Мәди Ихтиляпов қатысты.
Іс-шарада ауданның бірқатар азаматы марпатталып, арнайы алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар мереке қарсаңында спорттық сайыстар да ұйымдастырылды.
Ескере кету керек жәйттің бірі биылғы ауыл жәрмеңкесі республика күнімен тұспа-тұс өткізілді. Онда 20% дейін арзандатылған ет, сүт, нан өнімдері сатылды.