Қызылсудың жайылғаны Науырзым ауданынының Мереке ауылында да байқалып отыр. Бұл жағдайға қатысты аудан әкімі Мәди Ихтиляпов түсінік берді.
«Жаңбырдан кейін Қожахмет өзені арнасынан тасыды. Бұл жаққа Мойылды өзенінен де кешірек су келеді деген қауіп бар. Қазір ол жердегі жағдайды арнайы штаб өкілдері мен төтенше жағдай бөлімі бақылауға алып отыр. Құтқару жасағы да дайын», – деді аудан әкімі.
Қазіргі таңда ол елді мекенде 180 адам бар. Оның 38 – балалар.
Дәл қазір қарғын судың әлегі Наурызым ауданы орталығының шеткі көшелерін де әбігерге сала бастады.
Бар техника мен жұмыс күші жұмылдырылып, апаттың алды алу жұмыстары жалғасып жатыр.