«Мың бала» облыс мақтаныштарын паш етті

«Мың бала» облыс мақтаныштарын паш етті

Ассамблеяның «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы – қазақ тілін насихаттау мен этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған ерекше бастама. Биыл жобаға 10 жыл толып, республикалық кезеңде Қостанайлық оқушылар облыстың намысын лайықты қорғады.

Дарья Николаева «Өнерлі өрге жүзер» аталымында жеңімпаз атанып, ал Марк Ли жобаға белсенді қатысқаны үшін марапатталды.

Байқаудың алдында Қостанайдан барған қатысушылар Ұлттық әскери мұражайына барып, экскурция жасады. Қазақстан теларнасының “Таң шолпан” бағдарламасына сұқбат берді.

Іс-шара барысында балалар мемлекеттік тілді меңгерудегі жетістіктері мен қазақ мәдениетін терең түсінгендерін көрсетті. Жоба ұрпақтар арасындағы достықты нығайтып, еліміздегі мәдени әртүрлілікті байыта түсуде.

Айбек ТАҢАТБАЕВ

 

Жаңалықтармен бөлісу