«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге ағайындық көмек көрсетті

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге ағайындық көмек көрсетті

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ-ның басшылығы мен мүшелері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жөнелтті.

Қайырымдылық шарасы Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мүддеррисоглуның қатысуымен өтті.

Шара шеңберінде су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға азық-түлік өнімдері мен кілемдерден құралған гуманитарлық көмек Алмалы ауданының комьюнити орталығына табысталды.
Түркия Республикасының Бас консулы Эврен Мүдеррисоғлу акция шеңберінде БАҚ-қа берген сұхбатында:

«Қазақстанның батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде орын алған су тасқыны біздің де қабырғамызды қайыстырып отыр. Сел апатынан зардап шеккен барша ағайынмен әрдайым біргеміз. Оларға қымбатты Мусиад мүшелері, меценаттар гуманитарлық көмек жөнелтіп отыр. Гуманитарлық көмек – 110 жәшік азық-түлік және 40 дана кілемнен құралды. Бүгін – қадыр түні. Біз, осы қасиетті күнде зардап шеккен азаматтармен біргеміз» деп, өз ойымен бөлісті.
Ал, «МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ-ның төрағасы Йылмаз Кесен сын сағатта мәселеге бей-жай қарай алмай, азаматтық һәм ағайындық көмек көрсетуді өзіне борыш санағанын айтып өтті.
«Сын сағатта бәй-жай қарап отыра алмадық. Әріптестермен ақылдаса келе осындай шара ұйымдасытрайық деп шештік. Өйткені бұл азаматтық әрі ағайындық борышымыз. Бүгінгі күн – Қадыр түнімен тұспа-тұс келген екен. «Тас түскен жерінде ауыр» деген сөз бар. Зардап шеккен барша ағайынға Алладан жеңілдік тілеймін. Қандай ауыртпашылық болмасын, бөлісе отырып еңсереміз. Шараға ақпарттық қолдау көрсеткен Нәзия Жоямергенқызы ханымның басшылығындағы Түркі тілдес журналистер қоры мен барша медиа саласының өкілдеріне рақмет айтамын! Біз біргеміз!» – деді Йылмаз Кесен.

 

Жаңалықтармен бөлісу