Мұратбек әлем чемпионы

Мұратбек әлем чемпионы

Абу-Даби қаласында өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатынан 24 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қостанайлық Мұратбек Болатбек алтын жүлдені жеңіп алды. Бекарыс Мейірғазы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Жеңімпаздарды А.Байтұрсынұлы әуежайынан ет жақын бауырлары мен жақындары құшақ жая күтіп алды.

Анасы Анна Кенжеәливаның айтуынша, Мұратбек бұл спорт түрімен үш жылдан бері айналысып келеді.

“Жетістіктерімен әрдайым  қуантып келе жатыр. Федерацияға осы үшін алғыс білдіреміз. Алда бірнеше жаттығулар күтіп тұр”, – дейді Мұратбектің анасы Анна Кенжеәлиева.

Осы жарыста қола медальға ие болған  Бекарыс республикалық жарысқа бұрындары қатысып жүлделі орындар алғанын айтады.

“Бұл чемпиорнаттың ерекшелігі әлемдік деңгейде тәжірибе жинауға көмектесті. Араб ұлтының өкілдері мен бразилиялықтарға қарсылас атандым”, – дейді Бекарыс.

Бекарысқа Абу-Даби қаласына Бекарыстың әкесі Талғат Сұлтанов бірге барып қолдау білдірді.

“Жарыс жоғары деңгейде өтті. Балаларымыз еліміздің көк туын желбіреткенде керемет әсерде болдық”, – дейді  Талғат Мейірғазыұлы. Қазақ батыры клубында.

Джиу-джитсудан облыстық  федерациясының вице-президенті, “Қазақ батыры” клубының жетекшісі Мұрат Ермағамбетов бұшл балалардың жарыстың алдында тынымсыз жаттыққанын тілге тиек етті.

“Бұл балалар біздің клубта екі жылдан бері шұғылданып жүр. Алғаш рет шетелге шығып отыр. Осының алдында еліміздегі ішкі турнирлерге қатысқан. Бапкерлері, халықаралық спорт шебері, Рамазан Хұсайыновтың қол астында аптасына төрт рет жаттығады. Соның жемісін бүгін де көріп отырмыз”, – дейді Мұрат Ермағамбетов.

Жалпы ереже бойынша Джиу-джитсудан чемпионаты он төрт жастан басталады. Бұл біріншілікті белбеу бойынша сондай жарыстардың бастауы десек қателеспейміз. Қараша айында жыл сайын жалауы желбірейтін чемпионатқа бұл жолы 95 мемлекеттен с6000 спортшы қатысқан. Осылайша өңір спортшылары әлемдік аренада жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ел абыройын асқақтатып оралды.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу