24 мая, 2025
Мұғалімдер байқауының өңірлік кезеңіне мыңнан астам өтініш тіркелді

Мұғалімдер байқауының өңірлік кезеңіне мыңнан астам өтініш тіркелді

Облыстық білім басқармасы «Педагогикалық идеялар панорамасы — 2023» бейнесабақтар мен бейнедәрістер республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталғанын хабарлайды.
 Республикалық  байқау 2018 жылдан бері өткізіліп келеді
Қазақстанның виртуалды білім беру кеңістігіндегі авторлық бейнересурстарды толықтыру, заманауи педагогикалық ортада ұстаздар арасындағы озық тәжірибелерді жалпыға тарату мен  насихаттау байқаудың басты мақсаты. Республикалық кезеңінің қорытындысы желтоқсан айында белгілі болмақ.