Министр Қостанай облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді

Министр Қостанай облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді

15 сәуір күні сағат 11.00 -де ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі З. Сүлейменованың Қостанай облысы тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесу Қостанай қаласы Юбилейный шағын ауданы 56-ғимаратта өтеді. Онлайн режиміндегі тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қостанай облысы әкімдіктерінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында көрсетілетін болады.

Министрмен кездесу кезінде сұрақтарыңызды қойып, ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар немесе мына байланыс арналарын қолдана отырып жіберуге болады:  8(701)100-44-66 WhatsApp нөмірі және s.koblashov@ecogeo.gov.kz электрондық мекенжайы.

Халықпен кездесу аясында:

1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;

2) азаматтарды жеке қабылдау;

3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг жоспарланған.

Кездесулерге жазылу үшін 8(701)100-44-66, 87772998710, 87772583092 нөмірлеріне хабарласу сұралады.

Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар министріне сұрақ қоюға шақырамыз.

Жаңалықтармен бөлісу