Байқауға 9-15 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты. «Үздік эссе», «Үздік тикток» және «Үздік бейнеролик» номинациялары бойынша шығармашылық жұмыстар қабылданды.
«Үздік TikTok» номинациясы бойынша М. Қозыбаев атындағы № 23 жалпы білім беру мектебінің 9 жасар оқушысы жеңімпаз атанды. Ол ІІ дәрежелі Ішкі істер министрінің дипломымен марапатталды.
«Үздік бейнеролик» үшін мақтау қағазын Арқалық қаласынан қатысқан 9 жасар А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Нұрлан Нұрайым иеленді.
«Үздік эссе» номинациясында Қостанай облысы ПД бастығының грамотасымен Қостанай қалалық балалар шығармашылығы мектебінің «Овация» театр студиясының тәрбиеленушісі 13 жасар Валерия Станогина марапатталды.
Сондай-ақ, «Погондағы журналист» байқауында Дарья Аверченконың еңбегі ерекше атап өтілді.
Республикалық байқаудың жеңімпаздары грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
«Менің полициям» байқауы талантты балаларды қолдау, олардың құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға иммунитетін қалыптастыру, полицияның құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін жариялау, қоғаммен өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілген еді.