Жеңіс күні біздің отбасымыз үшін тағлымы мол ерекше мейрам. Себебі менің атам Қимат Қылдыбаев екінші дүние жүзілік соғысқа қатысып, ел тыныштығы мен жеңіс үшін күрескен жан.
Атам 1924 жылы 24 мамырда Қостанай облысы Аманкелді ауданы Ағаштыкөл елді-мекенінде дүниеге келген. 1942 жылы 4 ақпанда Қызыл Армия қатарына шақырылып, Сверловск облысының Ірбіт қаласына әскери дайындықтан өткеннен кейін 27-ші атқыштар дивизиясының 74-полкінің қарамағына жіберіліп, Калуга қаласы мен басқа елді-мекендерді жаудан босатады. 1943 жылы жазғы шабуыл басталып, бұл жолы Брянск, Оржоникидзе, Орел қалаларын жаудан азат етуге қатысып, Белоруссия жерінде де болып, Гомель қаласы мен ондаған елді-мекендерді босатуға қатысады. Польшаның Гнезно, Курно, Познань қорғанын жаудан босатудағы қырғын ұрыста жараланып, Саратов қаласындағы госпитальға жіберіліп, соғыты Берлин қаласына жақындағанда аяқтаған. Атам 1946 жылы армия қатарынан босап, елге келіп аудандағы мал бардақылау ұжымында мал дәрігері, мал қабылдаушы болып жұмыс істеп, зейнеткерлікке шығады. Соғыста II дәрежелі “Отан” соғысымен, “Ерлігі үшін”, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін”, “Берлинді алғаны үшін”, “Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың” және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.
Олжас ҚЫЛДЫБАЕВ,
Майдангердің немересі,
Аманкелді ауданы