Саяси ортадағы біржақтылық мәселелері барған сайын қоғамдық талқылаудың негізгі тақырыбына айналып жүр. Мемлекеттік қызметшілердің әріптестеріне дөрекілік қарым-қатынас жасауына жол беретін фактілер сенімге селкеу түсіріп келеді. Тобыл төріндегі дөңгелек үстелде бас қосқан сарапшылар мемлекеттік қызметтегі осы бір әдеп тұрғысына назар аударды.
«Мемлекеттікқызмет – сенім. Ол әрқайсымыздың күнделікті әрекеттерімізбен қалыптасады.Сөйлеген сөзіміз, шығарған шешіміз, адамдарға деген көзқарасымыз азаматтардың мемлекеттік билікті қалай көретінінің көрінісі болып қала береді. Қызметтік этиканы қадағаламау, жұртты кемсітушілік секілді мінез-құлықты бұзудың кез келген жағдайы бүкіл жүйенің беделіне нұқсан келтіреді. Өкінішке қарай, соңғы жылдары алаңдатарлық тенденцияларды көріп отырмыз», – деп атап өтті жиынның тұсаукесерінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің директоры Ерлан Салықбаев.

Қазіргі қоғамда этикалық нормаға нұқсан келтіретін бұл қылық дауға ұласып, қызметке құрылған моральдық беделді бұзудан қорғайтын жаңа тұлғалар қалыптасты. Департамент басшысы қоғамның осы бір тобына алғысын білдіріп өтті.
«Әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлін ерекше атап өткім келеді.Сіздер жай ғана орындаушы емессіздер, қызметтің моральдық бағдарларының сақтаушысысыздар.Ұжымдағы атмосфера көбіне сіздердің белсенділіктеріңізге, әдептілік тұрғысындағы мәселені уақытында байқап, оны шешуге көмектесу қабілеттеріңізге байланысты.Бүгінгі таңда сіздерден нормаларды білу ғана емес, адамдармен диалог жүргізу, медиатор болу, әділеттілік мәдениетін қалыптастыру мүмкіндігі талап етіледі», – деді Ерлан Салықбаев.
Семинар барысында практикалық оқыту форматында – шеберлік сағаты элементтерімен, жағдайларды талдаумен, тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.

Онда қатысушылар заң бұзушылықтарға жауап беруді ғана емес, оларды ескертуді, теңсіздік пен қорқыныш сезімін тудырмайтын атмосфераны құруды үйренуге талпынды. Мемлекеттік қызметтің немқұрайдылықпен өзіне деген сенімділіктің орны емес екенін ұғына білді.
«Біз немқұрайдылықтың сән-салтанатына қол жеткізе алмаймыз.Әрбір қадамымыз, әрбірсөзіміз, азаматтармен немесе әріптестермен қарым-қатынастың әрбір жағдайы билікті жалпы қабылдаудың бір бөлігіне айналады. Егер біз сенімді қайтарып, нығайтқымыз келсе, өз командамыздан, мінез-құлқымыздан, қарым-қатынас мәдениетімізден бастауымыз керек», – дейді облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Сүйіндіков.
Оның айтуынша, бұл семинардың жас буынға берері мол.
«ХХІ ғасырдағы мемлекеттік қызмет билік үшін құрылмаған. Әділеттілікке, халық пен мемлекетке қызмет етуге бағытталған. Қашанда теңдік, құрмет пен әдептілік келешек жастардың ұраны болып қалуы тиіс. Демек, қазіргі мемлекеттік қызметшінің кәсіби бірегейлігінің негізі саналады. Ол қадам біздің қызметімізді шынымен әділ, заманауи және қоғам құрметтейтіндей етуге көмектеседі», – дейді Қайрат Сүйіндіков.

Облыс әкімінің кеңесшісі Гүлмира Қапенова мемлекеттік қызметші жұмысының ең күрделі, аспектісі – адамдармен тікелей қарым-қатынасын тілге тиек етті.
«Бүгін біз хаттама, ережелер туралы сөйлесуге жиналып отырған жоқпыз. Елдің айтқанын қалай еститініміз бен қалай жауап беру керегін айтқым келеді. «Неліктен бұл маңызды?» дейсіздер. Өйткені бұл қарым-қатынас арқылы, демек, қабылдау бөлмесінде, әлеуметтік желілерде, көшеде, ауладағы кездесуде адамдар билікке деген көзқарастарын қалыптастырады. Оның бәрі адамның өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асады. Адам билік өзін естігенін сезінгенде ғана мәселенің шешімін күтпей тынышталады. Ал оны елемегенде немесе ресми түрде айтқан кезде тітіркену, сенімсіздік, кейде наразылық пайда болуы ықтимал. Міне, біздің міндетіміз – диалогтарға саналы түрде бару арқылы, есту, түсіну және сөйлесу арқылы шиеленісті азайту», – деп атап өтті облыс әкімінің кеңесшісі.
Осы тұста қоғамның ресми форматтарға мойынсұнып кеткенін сынап өтті. Оның пайымдауынша, билік азаматтарды қабылдап, есеп беруге, елдің мәселесін келіп түскен өтініштерге қарап білуге әбден үйреніп қалған. Бірақ бүгінгі қоғамда жалғыз арнамен жұмыс істемеуі қажет.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерді түсірген – Айдана Марат
