Бүгін қала орталығында мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілген күн. Аталған іс-шараны тойлау жыл сайын дәстүрге айналған. Биылғы жылғы мереке Тәуелсіздік алаңында бастау алып орталық көпір арқылы қалаға дейінгі автожарыспен жалғасты.
Ал, қала орталығында ұзындығы мен ені 10*20 м болатын көк туымызбен арнайы флешмоб ұйымдастырылып, мемлекеттік әнұран орындалды. Іс-шараның жалғасы ретінде қала тұрғындары үшін арнайы мерекелік концерт өткізілді.