Мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті – Әдеп кодексін ұстану

Мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті – Әдеп кодексін ұстану

Әдеп кодексі мемлекеттік қызметкердің менталитетін жаңаша қалыптастыруға зор үлес қосары сөзсіз. Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі рөлі, мемлекеттік қызметшілердің ұстанымдары мен қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институтына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылу қажеттілігі айшықталған.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілерге қызметіттік әдепті сақтау жөніндегі негізгі талаптар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 8-тарауында белгіленген. Ал, әдептілік мінез-құлық қағидалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде бекітілген.

Осыған қоса, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне түсіндірмелер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бюрократиясыздандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және этикасекторының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы 2022 жылғы ұлттық баяндамада мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру саласында айқындалған ұзақ мерзімді міндеттерді іске асыруға ықпал ету мақсатында әзірленді.

Түсініктемелердің мазмұны Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын практикалық қолдану тұрғысында түсіндіру арқылы мемлекеттік қызметшілердің этикалық мәдениетін арттыруғажәне этикалық нормаларды сақтаудың тиімділігін жоғарлатуға бағытталған.

Әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез- құлұқ жағдайларының алдын алуға бағытталған. Осы ретте, әрбір мемлекеттік қызметші өз іс-әрекеті және мінез-құлқымен адалдықты жеке пайдадан жоғары қоюға міндетті. Халықтың тарапынан сынға шырамау үшін әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттарын қатаң сақтауы керек.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлықтарына үлкен мән берілуде. Сондықтан, мемлекеттік қызметте әрбір мемлекеттік қызметші Әдеп кодексін және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының талаптарын сақтап, мемлекеттік қызметті адал атқаруы қажет.

Асқат Дүйсенбаев,
ҚР Сот әкімшілігінің Қостанай облысы бойынша департаменті

басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл.

Жаңалықтармен бөлісу