Мемлекеттік қызметке кіру жеңілдеді

Мемлекеттік қызметке кіру жеңілдеді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі заңға бірқатар өзгерітер енгізіп, жаңа тәсілдер әзірледі. Бұл мемлекеттік қызметке тұрудағы артық кедергілерді жоюға сеп.

Осы жылдан бастап ЖОО-да мемлекеттік грант шеңберінде білім алған, бағасы яғни GPA 3,33-тен төмен емес түлектер, оқуды тәмамдаған соң 1 жыл ішінде конкурссыз аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауамыздарға орналаса алады.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департамент бас маманы Бақыткүл Оспанова бұл бір жағынан білікті жас мамандарды қызметке орналастыру болса, екіншіден жастарды ауылдық жерге тартудың тәсілі екенін айтады. Осылайша аймақтағы кадр тапшылығы да шешілмек.

– Енгізілген өзгерістерге сәйкес, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академаясын жоғару үлгеріммен бітірген түлекті бір жыл ішінде қаладан басқа жергілікті орандарға жекелеген лауазымға конкурстық іріктеусіз тағайындау қарастырылған. Сондай-ақ, “Б” корпусының жоғары лауазымына мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша конкурссыз тікелей тағайындау мүмкіндігі берілді, – дейді бас маман.

Мұнымен қатар, “Б” корпусының әкімшілік қызметшісінің жұмысы қанағаттанарлықсыз деп бағаланса, лауазымы төмендейді, ал төменгі бос лауазым болмаса қызметтен шығарылады.

– Бұл мемлекеттік аппаратты тиімсіз қызметшілерден босатуға ықпалын тигізіп, мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдетеді, – дейді Бақыткүл Оспанова.

Тағы бір жаңашылдық осы жылдың 1 наурызынан бастап мемқызметке кіру тәртібі цифрландырылған. «Е-қызмет» жүйесі базасына мемлекеттік қызметке онлайн режимде іріктеу тәртібі сынықтан өтуде.

– Жаңа формат мемлекеттік қызметке іріктеу процесіне барынша жеңілдетілген тәсілді көздейді. Мемлекеттік органдардың конкурстық іріктеуіне қатысқысы келетін азаматтар алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуді қоспағанда, барлық кезеңдерде тәулік бойы 24/7 жалпы конкурсқа қатыса алады, – деп атап өтті бас маман Бақыткүл Оспанова.

Тестілеу жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің саны 9-дан 4-ке дейін екі есе қысқартылған. Сынақтан өтуші тек Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы заңы,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы,  Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бойынша тест тапсырады. Тиісті балл жинаған адам 1 жылдың ішінде жұмысқа орналаспаса, сынақтан қайта өтеді.

– Конкурстың іріктеу кезеңі – жеке қасиеттер мен үміткердің ​ мәтіндік және цифрлық ақпаратпен (SHL) жұмыс істеу қабілетін бағалайды. Эссе жазып, комиссиямен әңгімелеседі. Тестілеу мен эссе жазу кезеңінде үміткердің тәртіпті сақтауын прокторинг қамтамасыз етеді. Іріктеу кезеңдерінде ең төмен балл жинаған үміткерлерді жаңа жүйе автоматты түрде кезең-кезеңімен алып тастап, үздік 3 кандидатты пилоттық органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу кезеңіне жібереді. «Е-қызмет» арқылы өтетін конкурстың жаңа рәсімі «адами фактордың» әсерін толығымен жояды. Иесіздендіру және анонимділікті қамтамасыз ету үшін жүйемен іріктеуден өту кезінде кандидаттарға сәйкестендіру нөмірі беріледі, – деп түсіндірді Бақыткүл Оспанова.

Нәтижесінде пилоттық жобада конкурс жеңімпазы барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша жүйе арқылы автоматты түрде анықталады. Конкурстық комиссияның пәрмені жүрмейді.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу