Мектеп-гимназия мұғаліміне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді

Мектеп-гимназия мұғаліміне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді

Ұстаздар күніне орай ҚР Президентінің 04.10.2023 жылғы Жарлығымен Қостанай қаласының №3 мектеп-гимназиясының мұғалімі Зәуреш Сақытбайқызы Даумоваға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов марапат иегерін құттықтап, төсбелгіні табыстады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы белгіленген, ол педагогтерге Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше жетістіктері мен ерекше еңбегі үшін беріледі. Қазақстан Республикасының құрметті атағына ие болған адамға белгіленген үлгідегі төсбелгі тапсырылады.

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болған педагогтар «педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде біржолғы төлем алады.

Қостанай облысында бұған дейін аталған марапатқа 2021 жылы Қостанай қаласының № 23 мектебінің директоры Саутбаев Бауыржан Шәкіржанұлы ие болды.

Жаңалықтармен бөлісу