Алтынсарин аудандық прокуратурасы білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында бала құқықтарының бұзылғаны жайлы хабарлады.
Мәселен, Обаған және Больше-Чураков мектептерінің балаларын таситын автобус жүргізушілері рейс алдында медициналық куәландырудан өтпей, оқушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мектеп директорлары айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жүргізушілер медициналық куәландырудан өте бастады.
Егу пунктінің учаскелік медбикесі балаларға мерзімі өткен дәрілік антипиретиктерді қолданғаны белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша дәрілік заттарды сақтау қағидаларын бұзғаны үшін медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.