Маяковскийдің Қостанайға арнап өлең шығарғанын білесіз бе?

Маяковскийдің Қостанайға арнап өлең шығарғанын білесіз бе?

Орыстың әйгілі ақыны Владимир Маяковскийдің Қостанай қаласына арнап жазған, осы уақытқа дейін белгісіз болып келген өлеңі Мәскеуде табылған. Бұл дерек qostanay.tv сайтында жарияланыпты.

1928 жылы жазылғаны көрсетілген қолжазба Мәскеудегі В.В. Маяковский мемлекеттік музейінің қызметкерлерінің қолына түскен.

Ақынның бұл туындыны жазуына ненің түрткі болғаны туралы нақты дерек жоқ. Дей тұрғанмен, әйгілі тұлғаның шығармашылық мұрасын зерттеумен айналысатын ғалымдардың екі тұжырымы бар.

Біріншісі – ақын мұны тапсырыспен жазуы мүмкін деген жорамал. Маяковскийдің жарнамалық өлеңдер жазумен айналысқаны тарихтан белгілі. Онысын кезінде Борис Пастернак пен Михаил Светлов оңдырмай сынаған деседі.

Ал екіншісі – махаббат хикаясы себеп болуы ықтимал деген нұсқа. Музей қызметкерлерінің айтуынша, ақын қостанайлық Анастасия деген қызға ғашық болған. Оның жұмбақ сүйіктісімен 1928 жылы  Свердловта тағдыр жазуымен жолы түйіскен көрінеді. Қалай болғанда да бұл өлеңнің табылуы Маяковский мұрасын зерттеушілердің олжасы ғана емес, қостанайлықтар үшін де қызық оқиға болып отыр.

Назарларыңызға ақынның түпнұсқа өлеңін және әріптесіміз жасаған аударманы ұсынамыз:

 

Дивный град Кустанай

В далёкой степи
Уголок создан райский,
Лучшие люди
Стремятся туда.
Воздух там чист,
Ветер радует майский.
Мельницы мелят,
Пасутся стада.
Товарищ, коль грустен
И духом ты беден,
Рук ты натруженных
Не опускай.
Будешь ты счастлив
И ликом не бледен,
Даст силы тебе
Дивный град Кустанай.

1928 год, 1 апреля

 

Ғажайып қала Қостанай

 

Шалғай бір дархан далада

Жұмақтай жер бар біз білер.

Үздігер сол бір араға

Жақсы мен жайсаң, ізгілер.

Ауа да мұнда саф, тұнық,

Самалы – жанды өбер дем.

Диірмені астық сапырып,

Мыңғырып төсте төлі өрген.

Көңілің, достым, пәс болса,

Рухың да жүрсе сәл жұдап,

Төменге салма басты онша,

Түспесің қолың қалжырап,

Басыңа орнап бар бақыт,

Дей бергін өңге көшті арай –

Күш берер саған әр уақыт

Ғажайып қала Қостанай.

 

(аударған – Жандос Жүсіпбек)

 

Жаңалықтармен бөлісу