Маска режимі енгізіле ме?

Маска режимі енгізіле ме?

Елімізде жаппай маска тағу режимі тек медмекемелердегі медициналық қызметкерлерге ғана арналады. Сонымен қатар медициналық мекемелерге келушілер мен науқастарға да маска тағуға кеңес беріледі.

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қазақстандағы коронавирус жұқтыру жағдайы және эпидемиологиялық шараларға қарсы шешім қабылдау мүмкіндігі туралы айтқан.

“Жалпы Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өткен айлармен салыстырғанда ауыру деңгейі артқан. Бірақ коронавирустың ешқайда жоғалмағанын және Қазақстанда да, әлемде де әлі өзекті екенін ескерсек, өткен жылмен салыстырғанда ауыру жағдайы 8 есе төмендеді. Биыл коронавирус инфекциясының ауыр жағдайлары тіркелмеді, қайтыс болғандар мүлде жоқ”, – деді денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жаңалықтармен бөлісу