Бұл туралы ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Динара Шүкіжанова ресми парақшасында хабарлап, Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты.
“Мен қайтыс болған кеншілердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын ал қалғандары тірі қалады деп үміттенемін. Қайғылы жағдайға байланысты Машина жасау кластерінің жұмысшылары да шын жүректен көңіл айтады. Саран және Қостанай қалаларының өндірістік кәсіпорындары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған арнайы қорға қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 200 млн теңге көлемінде біржолғы көмек жібереді.
“QazTehna”, “Агромашхолдинг KZ”, “KamaTyresKZ”, “СарыарқаАвтоПром” кәсіпорындарының қаражаты қайғылы қаза тапқан кеншілердің отбасыларын қолдау үшін дереу аударылатын болады”, – деді Парламент мәжілісінің депутаты.