Бүгін Әкелер күнін мерекелеу қарсаңында Рудныйда ақсақалдар кеңесінің, қалалық ардагерлер кеңесінің, мәслихат депутаттарының, қаланың қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен кездесу өтті.
Олар екі мәселені талқылады: Әкелер күнін мерекелеу және қалалық әкелер кеңесінің жұмысы.
“Қоғамда әкенің орнын айшықтауға арналған мерекенің пайда болғанына қуаныштымын. Отбасылық құндылықтарды насихаттау үшін біз, аға буын бар білгенімізді бөлісіп, ақыл-кеңес беруге әзірміз. Әкелер кеңесінің құрылғаны да орынды. Бала тәрбиесі қашанда өзекті мәселе”, – дейді Рудный қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жаңбыршы Тілеуғабылов.
Іс-шара соңында қала өміріне белсене қатысып жүрген азамат Мұхит Іңкәровқа әкім орынбасарының алғыс хаты табыс етілді.
Жастар ресурстық орталығы мамандары алда болатын мерекеде қала орталығында жұртшылықты қызықты ойын-сауық күтіп тұрғанын хабарлады.