Қостанай облысындағы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының күндері аясында студенттер мен мектептің жоғары сынып оқушылары үшін дәрістер өткізілді.
ҚӨУ педагогикалық институтының студенттеріне, юристтер, сот және құқық қорғау органдарының өкілдеріне “Қазақстанның конституциялық-құқықтық дамуы” тақырыбында Игорь Рогов дәрісі оқыды.
– Қостанайда өткен кездесу еркін форматта өтті. Екі жақты жиналғандардың пікір айтуына мүмкіндік болды. Сөз барысында еліміздің құқықтық жүйесін құруға атсалысқан тұлғалардың есімдерін айтып, еңбектеріне тоқталдым. Ал, олардың Отанға деген қамқорлығы жас ұрпаққа үлгі болға тиіс, – дейді Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасарлары Игорь Рогов.
Ал, педагогтар мен жоғары сынып оқушылары “Тәуелсіздік дәуірі” турниріне қатысты. Жобаның ерекшелігі Қазақстан басшысы ретінде билікті қолына алып, ел тағдырын шешуге мүмкіндік береді. Яғни, қатысушыларға ҚР тарихынан түрлі жағдаят ұсынылып, олар елді дамыту жөнінде шешім қабылдай алды. Ойын барысында қатысушылар ел тарихын зерттеп қана қоймай, стратегиялық ойлауын, логикасын дамытып, білім қорын толықтырды.
Сонымен бірге, Қостанай медициналық колледжінің студенттеріне Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаты Сухраб Жапаровқа шеберлік дәріс өткізді.