Мәжіліс депутаттары облыс халқымен кездеседі

Мәжіліс депутаттары облыс халқымен кездеседі

Бүгін  ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары  Еркін  Әбіл,  Екатерина  Смышляева,  Берік  Бейсенғалиев, Альберт  Рау облысымызға жұмыс сапарын бастайды.   Мәжіліс депутаттары облыстың шалғай ауылдарына барып, халықпен кездеседі, мәселе тудырып отырған сұрақтарда назарға алады.

Сонымен қатар партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жергілікті жерлерде іске асыру сапасына мониторинг жүргізіледі.

8 қаңтар күні «Біріңғай Медиа күні» барысында ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары  Еркін Аманжолұлы Әбіл мен  Екатерина Васильевна Смышляева  кездесулер өткізіп, мына ұжымдармен кездеседі:

  1. 9:00-12:00 – ССГПО жерасты кенішінің жұмысшыларымен кездесу.
  2. 12:20-13:00 – ССГПО цехтарының партия активімен және кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесу
  3. «Качары Руда» АҚ жұмысшыларымен кездесу.

Жаңалықтармен бөлісу