Бұл туралы POLISIA.KZ хабарлады. Полицияға Денисов ауданының тұрғынынан шағым түскен. Ол Лисаковтегі жанармай құю бекетіне тоқтап, кофе сатып алады. Шыққан кезде машинасы болмағанын айтқан.
Дереу Іздеуге Лисаков қаласының патрульдік полициясының қызметкерлері Инкар Махангалеев пен Әлібек Жүнісов жедел кірісті.
Күдікті бір сағат ішінде Лисаков қаласынан 10 шақырым жерден ұсталды. Өзі сол жердің тұрғыны болып шықты. Көлік иесіне қайтарылып, ұрлаған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.