Қыздың анасы Наталья Гусева қызымен бірге Ресейден әжесіне қонаққа келген.Телефонның бірлігін толтыру қажет болып, олар дүкенге барған. Қыздың анасы мен әжесі интернет үшін ақы төлеп жатқанда, ол дүкеннен сыртқа шығып кеткен деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен. Олардың назары сәл басқа жаққа ауған кезде, бала көзден таса болады. Анасы дереу полицияға қоңырау шалады.
Қызды іздеумен учаскелік полиция Ербол Сейтмағамбетов айналысты.
“Полиция қызметкерлеріне дереу патрульдеу ұйымдастырылды. 4 жасар қыздың қайда кеткенін көрсететін куәгерлерден сауалнама жүргізілді. Бір сағаттан кейін бала жоғалған жерден шамамен 1,5 км қашықтықтағы Лисаков қаласының бір көшесінен табылды”, – дейді облыстық ПД өкілдері.
Қыздың анасы мен оның әжесі – Вера Клименко полицейлердің, әсіресе, Ербол Сейтмағамбетовтің әрекеттерін атап өткен бейне үндеу жазды.
“Менің қызымды іздеп,тауып берген учаскелік инспектор Ерболға зор алғысымды білдіремін”, –делінген бейне хабарламада.
Полиция ата-аналарға, әсіресе, қоғамдық орындарда балаларына ие болуларын сұрайды.