Лисаковта қала күнін тойлау бір аптаға  жалғасты

Лисаковта қала күнін тойлау бір аптаға жалғасты

Лисаков қаласына биыл – 52 жыл! Тұрғындар мен қала қонақтары мәдени, спорттық іс-шараларды тамашалады.

Негізгі мерекелік іс-шаралар легі “Сүйікті қалам – Лисаков!” атты жергілікті өнерпаздардың концертімен басталды.

Жиналғандар еліміздің әр облысынан және Ресей елінен келген мотожарыс қатысушыларының өнерін көрді.

Орталық алаңда “Temir Tumen” тарихи қайта құру клубының қолөнершілері батырлардың темір сауытты киімдерінің қалай жасалатынын таныстырды.

Жергілікті мұражай ұжымы біздің дәуірімізге дейінгі уақыттағы этно киімдерді көрермен назарына ұсынды.

Кешке қарай орталық алаңға жиналушылар қарасы қалыңдады. Мемлекеттік мекеме және қәсіпорын қызметкерлері корнавалдық шеруге сап түзеп, орталық алаңмен жүріп өтті. Олар әртүрлі ертегі киіпкерлерінің киімін киіп, шағын қойылым қойды.

Мерекелік кештің екінші бөлігінде қала әкімі құттықтап, қаланың өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттады.

–Баршаңызды қала күнімен құттықтаймын. Қаланың өсіп-өркендеп келе жатқанына бәріміз куәміз. Ары қарай дамуына үлес қоса береміз, – деді Абай Ибраев.

Тұрғындар он екіден кейін түнгі мерекелік отшашуды тамашалады.

 

Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

 

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттерді түсірген Бейбіт МЕЙРАМҰЛЫ

Жаңалықтармен бөлісу