Қостанай облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы «Қазтелерадио» АҚ аумағында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді.
«Оқу-жаттығу барысында терроризмнен қауіптер туындаған кезде мемлекеттік органдардың әрекет ету және өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ терроризм актісі салдарын барынша азайту және жою дағдылары қалыптастырылды», – деп хабарлады Қостанай облыстық жедел штабы.