Қостанайда жаңа саябақ салынады

Қостанайда жаңа саябақ салынады

Бұл туралы Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қала әкімдігі абаттандыру мен жаңа қоғамдық орындарды құруға ерекше көңіл бөліп келеді. Басты идея – демалыс орындарының әрбір тұрғынға жақын болуы.

 

 Арыстанбеков, Чкалов және Воинов-Интернационалистов көшелерінің шекарасындағы жасыл аймақта осы аудандардың тұрғындары үшін жаңа шағын сквер құру жоспарланып отыр.

«Скверде тартанмен қапталған бір шақырымдық жүгіру жолы, заманауи тренажерлар, спорттық және workout-алаңдары, сондай-ақ балалар ойын аймақтары жоспарланды. Алаңда шағын базарға арналған орын да қарастырылған. Бұл аймақ толық абаттандырылып, ландшафттық концепцияға негізделіп жасалады. Барлық қолданыстағы жасыл желектер сақталып, қосымша екі жүзден астам ағаш отырғызылатын болады. Ол жердегі қызыл аймақтағы қараусыз бір қабатты ғимарат алынып тасталады», – деп жазды қала әкімі Марат Жүндібаев.

Жаңалықтармен бөлісу