Корпорация филиалы тұрғындарға telegram қызметін ұсынды

Корпорация филиалы тұрғындарға telegram қызметін ұсынды

Қостанайда жеке тұлғаларға оңай анықтама алуға ықпал ететін Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорацияның 22 фронт кеңсесі жұмыс істейді. 1414 операторымен кол орталықтың жұмысы өз алдына жетекшісі Олесия Ершова тұрғындарға осы жылы 900 мыңнан астам қызмет көрсетілгенін айтып отыр.

“Бұл қызмет түрлерінің төрт жүз мыңнан астамы онлайн режимде өрбіді. 500 мыңнан астамы операторларымыздың көмегімен жүзге асты. Бейнеқойырау арқылы 1414 операторымен консультация қызметі жүргізіледі. Е.gove порталы мен телеграм бот арқылы жәрдемақы, техникалық құжат жасаймыз. Тұрғындар көбінесе Е. govе. mobile қызметін пайдаланады”, – деді Kostanay digital day- 2024 форумында мекеме басшысы.

Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорация 21 құжат түрін telegram арқылы ұсынып отыр. Ол үшін рұқсат етілген смс хабарлама келеді. Халық, Каспий банк қосымшасы арқылы медициналық анықтама беру бұған дейін енгізілген еді.

Жаңалықтармен бөлісу