ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты «Қайрак» (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімінің сақшылары қырағы қызметтерінің арқасында ел сыртына көлемді тауарды заңсыз алып өтуге талпынған жолаушыларға тосқауыл қойды.
Шекарашылар Астана (ҚР) – Челябі (РФ) бағытында жолға шыққан «ДАФ» маркалы жүк көлігін тексеру кезінде темекі тауарын анықтады. Тауардың жалпы сомасы – шамамен 3 млн теңге. Жүк парағы бойынша аталған темекі өнімі «Халық тұтынатын тауарлар» (жеке заттар, қосалқы бөлшектер, аяқ-киім, киім-кешек) ретінде толтырылған.Сонымен қатар, «Қайрақ» автокөліктік бақылау-өткізу пунктінде ҚР азаматынан шекарадан жасырын өткізуге тырысқан “Heets” темекі шегуге арналған таяқшалары анықталды. Контрабандалық тауардың нарықтағы бағасы шамамен 12 млн теңгеге тең.
Шекарадан заңсыз алып өтуге талпынған жүктер мен тауарлар тәркіленді. Еліміздің экономикалық және ұлттық мүдделері сенімді күзетте.
ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаменті