Конституциялық комиссия: Жоғарғы Сот төрағасының мәртебесіне қатысты өзгеріс болуы мүмкін

Конституциялық комиссия: Жоғарғы Сот төрағасының мәртебесіне қатысты өзгеріс болуы мүмкін

Жоғарғы Соттың төрағасы өкілеттік мерзім ішінде бір мезгілде Жоғарғы Соттың судьясы да болатыны нақтыланады. Бұл туралы бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлім етті.

— Құқықтықтық айқындықты қамтамасыз мақсатында Конституцияның 82-бабында Жоғарғы Соттың төрағасы өкілеттік мерзім ішінде бір мезгілде Жоғарғы Соттың судьясы да болатыны туралы нақтылау енгізіледі. 82-баптың тиісінше тармақтарын жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сондай-ақ сот алқарының төрағаларын тағайындауға қатысты нормаларды алып тастау ұсынылады. Бұл мәселелерді реттеуді Конституциялық заң деңгейіне беру орынды деп санаймыз, — деді Ерлан Сәрсембаев.

 

ℹ️

 @qazaqparat_kz