Конституция күні қарсаңында филармония ұжымының өнері тамашаланды

Конституция күні қарсаңында филармония ұжымының өнері тамашаланды

Конституция – кез келген зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжаты. Бізді өткенмен де, болашақпен де байланыстырып тұрған алтын арқау іспеттес.

Бүгін осынау мерекеге арнап Елубай Өмірзақов атындағы филармонияның көркем өнерпаздар ұжымы рухани кеш ұйымдастырды. Астана, Алматыдан камералық оркестрлердің мүшелері келді.

Кешті белгілі әртіс Нұрлан Әлімжан мен Диана Тұрсынова жүргізіп отырды.

Заңы жоқ ел болмақ емес. Ел санасында сақталған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» соның айғағы. Ата Заң туралы айтқанда, Әз Тәукенің «жеті жарғысын» айналып өте алмасымыз анық. Жиналғандар І.Омаров атындағы қазақ драма театры әзірлеген қойылымға назар салды.

Ортаға Азамат Бақия шығып, «Жошы» этнографиялық-фольклорлық ансамблінің қойылымы ұсынылды.

 

Ынтымағы жарасқан Қостанай халқына «Костанайские зори» би ансамблі мерекелі биімен Мәдениет саласының үздігі Манапбек Кәдіров жырдан шашу шашты.

Айтқали Жайымов Назымбек Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі «Думанды Тобыл» шығармасына сүйемелдеді. Жерлесіміз Әбілахат Еспаевтың әйгілі «Қыз қуу» әнін филармония солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты Зарина Құлмұхамбетова және Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры ұжымы нақышына келтіре орындады.

Қостанайдың әнші ұл-қыздары Айжан Санай, Жанна Хамзина, Әйгерім Назархан, Бейбарыс Тойшан және Тасқын Әжібайтар Қазақ халық әндерінен попурри айтты.

Сонау 1941 жылы жазылып содан бері қазақ аспанында қарлығаштай қанатын кеңге жайған Ибадолла Матақовтың сөзіне жазылған Ахмет Жұбановтың әні «Қарлығаш» орындалды.

Концертті тамашалаушылар филармония солисі Динара Намиялы және «Алтынай» халықтың би ансамблінің өнеріне тәнті болды. Кезек халық әні – «Самалтауға» келді. Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының камералық хоры халық әнін тамылжытты.

Халық әні «Қараторғайды» қазақ жоқ шығар. Бұл әнді Тобыл-Торғай жеріне арнайы келген мәртебелі мейман Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Балажанова және DJ Асет орындап халықтың қошеметіне бөленді. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Әйгерім Алтынбек, Жұматай Ахметхан және камералық хордың сүйемелдеуімен қосыла

«Голос» әнін шырқады.

Анастасия Пикулева мен «Зарянка» би тобы «Земля моя» әнімен патриоттық сезім ұялатты.

 

Концерт Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Біржан Хасанғалиев әкесінің әнін филармония солистерімен тамаша орындап шықты.

Өнерпаздарға облыс әкімінің атынан ықылас гүлі табыс етілді.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА 

Суреттерді түсірген Ернұр Әуезхан 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу