Конькимен сырғанаудан сайыс өтті

Конькимен сырғанаудан сайыс өтті

“Қазақстан Арнайы олимпиадасы”  қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы  дене шынықтыру және спорт басқармасының  спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесіне сәйкес бекіткен  жоспарының аясында қысқы спорттың төрт түрінен жарыс ұйымдастырды. Олимпиаданың алғашқы күні қатысушылар конькимен сырғанаудан жарысқа түсті.

Сайыс  облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, Қостанай қалалық спорт бөлімінің, облыстық білім басқармасының және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен жүзеге асты.  Оған  “Милх” ЖШС, “Classicsoflife” ЖШС демеушілік жасап , “ТехноДомАрена” материалдық көмек қолын созды.

«Іс-шараны ерекше қажеттіліктері бар адамдар арасында дене шынықтыру және спортпен шұғылдануды насихаттап, осы адамдардың проблемаларына назар аудару үшін өткізгенін білесіздер.  Олардың қадір-қасиетін, құқықтары мен әл-ауқатын қорғау біздің жауапкершілігіміз екенін түсінгендеріңіз үшін қолдау көрсеткен сіздерге шынайы алғысымды білдіргім келеді»,– деп атап өтті  “Қазақстан Арнайы олимпиадасы”  қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының   директоры Валентина  Исмурзина.

Жарысқа облыстың 6 білім беру мекемесінен 8 команда қатысты. Жас ерекшелігіне, жынысына қарай төр дивизион бойынша ұйымдастырылған сайыс қортындысы бойынша төрт жүз метрлік қашықтықта Александр Семко (№14 мектеп), Виктор Шефер (№14 мектеп), Кира Чичеватова (Amanat&K) , Жамила Кәрімова (Қостанай арнайы кешені) жеңімпаз атанды. Жүз метрде ДавидГрибак (№14 мектеп), Виктор Шефер (№14 мектеп), Санжар Жүсіпов  (Amanat&K), Жамила Кәрімова (Қостанай арнайы кешені) бірінші келді.

 

Жаңалықтармен бөлісу