9 июня, 2025
Компанияның қомақты ақшасын иемденген қазақстандық Дубайда ұсталды

Компанияның қомақты ақшасын иемденген қазақстандық Дубайда ұсталды

 Дубайда Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша халықаралық іздеу жарияланған ер адам ұсталды.
Ол Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін  (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) құрықталды. 2022 жылы күдікті адамдар тобымен алматылық ЖШС-лердің бірінен өзіне қарасты компанияның шотына қаражат аудару арқылы 947 миллион теңге жымқырған.
Қазіргі уақытта ер адам қамауда. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.