9 Сәуір, 2025
Командалық айтыс: дода қыза түсті

Командалық айтыс: дода қыза түсті

Қостанайда өтіп жатқан командалық айтыстың көрігі қыза түсті.

Айтыс шымылдығын қос облыстың ең жас ақындары түрді. Қостанайлық Нұрислам Рағатов пен түркістандық Шахмардан Бекарысұлы өз командасын жырмен таныстырды.Бұдан соң түре айтысқа кезек берілді Жерлесіміз Айбар Рағат пен түркістандық Қажымұқан Абзалов шығып, тартысты бәсеке көрсетті. Қорытындысында екі ұпай айырмасымен жеңіс қонақ ақынға берілді.Ал күй жарысқа түскен қостанайлық Данияр Рысбек пен Шыңғыс Исаев та дүйім жұрттың делебесін қоздырды. Бірінен бірі іліп әкетіп, қазақтың қазыналы күйлерін паш еткен домбырашылар қазылар шешімімен тең түсті.Қыз бен жігіт айтысында өңіріміздің намысын қорғаған Жібек Шахмарданқызы мен шымкенттік Дәурен Ақсақалов тамаша айтыс жасады. Жарасымды әзілмен, ой-толғаммен өлең өріп, көрермен ықыласына бөленді. Жеңіс Дәурен берілді.

Айта кетейік, көрермен залы айтыс сүйер қауымға лық толды. Қалың халық арасында ғасыр жасаған абыз ақсақал Қасымхан Алдаберген, Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров және өзге де есімі елге белгілі зиялы қауым өкілдері отыр.

Суреттерді түсірген – Бердіболат Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу