Өткен жолы газетте жазғанымыздай, бір топ қостанайлық делегация екі күн бойы Қызылжар өңіріндегі табысты шаруашылықтар мен инвестициялық жобалардың жұмысымен танысып қайтқан еді. Жалпы, теріскейде қыруар жұмыс атқарылғаны байқалады.
Ең бастысы ірі жобаларға қомақты инвестиция тартылған. Соның арқасында бірқатар жаңа өндіріс ошағы ел игілігіне айналып, халықты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бұл жолы біз облыс орталығындағы ірі өндіріс ошақтарымен таныстық. Соның бір парасын газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.