Көркемсурет галереясы халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратына көшеді

Көркемсурет галереясы халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратына көшеді

Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиналыста облыс әкімі Құмар Ақсақалов айтты. Ол Тәуелсіздік көшесінде орналасқан ХҚКО-ны кеңірек ғимаратқа көшіріп, оның орнына көркемсурет галереясы орналасатынын жеткізді.

“Қала орталығындағы Тәуелсіздік көшесінде орналасқан ХҚКО-ны кеңірек ғимаратқа көшіру жоспары бар. Ал оның орнында көркемсурет галереясын ашуды жоспарлап отырмыз. Қала тұрғындары да галерея іші өте тар әрі қолайсыз екенін бірнеше рет айтқан болатын. ХҚКО ғимаратын тиісті түрде жөндеп, жақсы галерея ашамыз. Мәдени ошақтарының қатары көп болғаны жөн”, – деді облыс басшысы.

 

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

 

Жаңалықтармен бөлісу