1 июня, 2025
Көрген көзде жазық жоқ: жол жабық, жұмыс басталмай тұр…

Көрген көзде жазық жоқ: жол жабық, жұмыс басталмай тұр…

Қостанайда жоспарға сәйкес Назарбаев көшесінің бойына жөндеу жүргізуге дайындық басталғанымен, мердігерлердің аяқтауға аса құлқы жоқ сияқты.

Редакцияға оқырманымыздан осындай мазмұнда хат келді.

«Назарбаев көшесінің Алтынсарин мен Бородинге дейінгі аралығы бес күн бұрын жабылды. Жүруге тыйым салынғаны туралы белгі қойылғанымен, оны елеп жатқан ешкім жоқ. Себебі ол жерде жөндеу жұмыстарын жасап жатқан тірі жан байқалмайды. Келген такси кіріп, шыға алмайды. Емін еркін жүріп-тұруымызға кедергі келтіріп тұр», – дейді оқырманымыз.

Асфальт жабыны сырылып алынған ол жердің жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?