Көптен күткен жеңіс: Нұрболдың бапкерлік дебюті “Тобылдың” пайдасына аяқталды

Көптен күткен жеңіс: Нұрболдың бапкерлік дебюті “Тобылдың” пайдасына аяқталды

Қостанайдың “Тобылы” футболдан Қазақстан чемпионатында болған Алматының “Қайратымен” өткізген ойынын сұрапыл бастады. Ақ жиделі команданың толассыз шабуылдары нәтижесіз қалып жатты.

Голдберг Купердің қайшылап тепкен добы тура қақпашының қолынан табылды. Әл-Мессаудидің берген тамаша пасын Жаслан Жұмашев сәтті пайдалануға сәл-ақ қалды. Оның жойқын соққысынан ұшқан доп қақпадан табылғандай көрінген. Алайда қақпашы Ульянов сырттан алып келіп ойынға қайта қосты. Кездесудің отыз бірінші минутында қостанайлықтар дегеніне жетті. Ортадан шыққан ала допты Игорь Иванович оң бұрыш арқылы алып алға озды. Әбден қарсыластар қақпашысымен жеке-дара қалғанда сол бұрышты дәл көздеді. Алматылықтар тарапынан Жао Пауло, Эльдер Сантана сияқты шабуылшылар соққы жасағанымен Покатилов қорғаған қақпаға онша қауіп төндіре қоймады. Бұрыштамадан төнген соққыларды қорғаушылардың алып шыққан сәттері де кездесті. Дегенмен, есеп сол күйі қалды. Осылайша, “Тобыл” аңызы Нұрбол Жұмасқалиев бастап шыққан алғашқы ойын Қостанайға үш ұпай сыйлады.

Жаңалықтармен бөлісу