Көмірден тапшылық жоқ www.gov.kz

Көмірден тапшылық жоқ

Ауданның жергілікті атқарушы органдары Құсмұрын кентінің тұрғындары үшін көмір сатуды қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен жұмыс жүргізді. Бұл мәселе ағымдағы жылы кент тұрғындарының жиынында көтерілген еді.

Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша “Silk Way Petroleum” ЖШС-і  “ҚТЖ-Жүк тасымалы” отын ресурстары орталығы” ЖШС-мен теміржол тұйығын жалға алу туралы шарт жасасты. Нәтижесінде, 22 қыркүйектен бастап Құсмұрын кентіндегі Буденный көшесі, 113 мекенжайы бойынша “Шұбаркөл”  көмірін сату басталды.  Көмірдің 1 тоннасы – 21500 теңгені құрайды.

            Әулиекөл ауданы

Жаңалықтармен бөлісу