Көлік салығын төлемегені үшін 3 тәулікке дейін қамауға алуы мүмкін

Көлік салығын төлемегені үшін 3 тәулікке дейін қамауға алуы мүмкін

Қостанай облысында тұратын 12 мыңнан астам борышкердің көлік салығы бойынша жалпы сомасы 190 млн теңгеге берешегі бар, деп хабарлайды Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

26 мамырдан бастап орындалмаған салық бұйрықтары қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларына берілетін болады.

Бұл ретте сот орындаушыларының уәкілетті органдардағы тіркеу деректерін шектеуге, борышкердің елден шетелге шығуын шектеуге, борышкерді қамауға алуға, көлік құралын айыппұл тұрағына орналастыруға, жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға, банк шоттары мен басқа мүлігіне тыйым салуға құқығы бар.

Сонымен қатар, жеке сот орындаушылары борыш сомасынан басқа берешек сомасының 25% дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады.

Осыған байланысты, е-Salyq Azamat/Электрондық сервистер/ЖСН енгізу жолымен әлеуметтік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сервисі-мобильді қосымшасының көмегімен салық берешегінің туралы мәліметтерді тексеруді ұсынамыз.

2023 жылдың басынан бастап, өткен жылдардың берешегін төлемегені үшін Лисаков, Рудный қалаларының, Сарыкөл, Федоров және Жітіқара аудандарының 1-ден 3 тәулікке дейінгі бұлтартпау шарасымен бес борышкерін ЖСО тарапынан қамауға алынғанын хабарлаймыз.

Рудный қаласының борышкеріне жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру шарасы қабылданды, автокөлікті айыппұл тұрағына қамау жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу