Көлік салығы 7 пайызға өсті

Көлік салығы 7 пайызға өсті

Елімізде көлік салығы 7 пайызға өсті. Өйткені салықтың бұл түрі айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізінде есептеліп отырады. Ал ол көрсеткіштің өскені белгі. Биылғы көрсеткіш көлемі – 3692 теңге. Бірақ өткен жылдың салығы биылғы 1 сәуірге дейін қабылданатынын естеріңізге сала кетейік. Демек, жүргізушілер 2023 жылғы айлық есептік көрсеткішпен төлеуіне болады.

            “Қозғалтқыш көлемі 1,1 литрден аспайтын көліктер үшін 3450 теңге, қозғалтқышы 1,1-ден 1,5 литрге дейінгі көлік иелері 6900 теңге, қозғалтқыш көлемі 1,5 литрден 2 литрге дейін болса 10350 теңге болады. Көлік салығын дер уақытында төлеген жөн. Ал оны төлемеген адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, салық құнына өсімпұл қосылып, іс сотқа жетуі мүмкін. Сондықтан әр істі уақытында атқарған дұрыс”, – дейді түсіндіру жұмыс жүргізу  басқарма басшысы Зарина Бекмұхамедова.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жаңалықтармен бөлісу