Көлік қағып кеткен зейнеткер ауруханада көз жұмды

Көлік қағып кеткен зейнеткер ауруханада көз жұмды

Қайғылы оқиға 8 мамыр күні сағат 23.00 кезінде “Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” тас жолының 91-шақырымында болған. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Қойбағар ауылы маңында “Ravon-Nexia R3” маркалы көлікті тізгіндеген 34 жастағы жүргізуші Қостанайға бара жатқан жолда жол жиегінде тұрған 68 жастағы әйелді соғып кетті. Жәбірленуші ауыр жарақатпен ауруханаға түсіп, өкінішке қарай, көз жұмды.

Жыл басынан бері облыста 100 жол апаты тіркелген. 20 адам көз жұмып, 135 адам жараланған.

Жаңалықтармен бөлісу